jasqazaq.kz

Қ.Тоқаев: Дәрігерлер үшін қылмыстық жазаны өзгертуді ұсынды

27 мамыр 2020, 14:14


Президент дәрігерлер үшін қылмыстық жазаны өзгертуді ұсынды Тоқаев жауапкершілік дамыған мемлекеттердегідей әкімшілік және азаматтық-құқықтық сипатта болуы керек деп есептейді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді қателік жасағаны үшін қылмыстық жазаға тарту мәселесін жан-жақты зерделеуді тапсырды. «Меніңше, «дәрігерлерлік қателік» үшін қылмыстық қудалау тәжірибесін қайта қарап шыққан дұрыс. Атап айтқанда, медицина қызметкерлерін өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін бірден қылмыстық жазаға тарту мәселесін жан-жақты зерделеп шығу қажет», — деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бүгінгі отырысында. Президенттің айтуынша, бүгінде тергеу кезінде дәрігердің өз міндетін қаншалықты немқұрайлы орындағанын анықтау қиын. Соған қарамастан, біраз маман қылмыстық жазаға тартылып отыр. «Сондай-ақ, клиникалық зерттеулерді өткізу тәртібін бұзғаны үшін қылмыстық жазаны қолдану мәселесін де қайта қарап шығу қажет. Әйтпесе, бүгінде медицина мамандары жазадан қорқып, ғылымға бармайды. Алайда ондай өзгерістер дәрігерлердің адам өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілігін азайтпайды. Жауапкершілік дамыған мемлекеттердегідей әкімшілік және азаматтық-құқықтық сипатта болуы керек», — деп атап өтті Тоқаев. Осы орайда президент заң және қаржы жағынан медицина қызметкерлерінің құқықтары мен жауапкершілігіне арналған жүйені әзірлеуді тапсырды. Кәсіби қызметке кепілдік беру жағы да ескерілуі шарт.

КТК

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия