jasqazaq.kz

Қ.Тоқаев: әлемде қауіпті шиеленіс байқалып отыр

29 тамыз 2019, 12:28


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ядролық қарусыздану саласында әлемде әлі де болса қауіпті шиеленіс байқалып отырғанын атады.

 ҚазАқпарат хабарлағандай, «Елбасын бүкіл әлемдік қоғамдастық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы ретінде әділ танып отыр. Ол ядролық қарусыздануға жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге орасан зор үлес қосты. Осы жылдары Нұрсұлтан Назарбаев мырза бірқатар елеулі бастамалар жасады. Олар халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды факторларға айналып отыр. Бұл — Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақты құру туралы еліміздің аумағында МАГАТЭ қамқорлығымен төмен байытылған уран банкін орналастыру туралы Қазақстанның ирандық ядролық проблеманы реттеудегі делдалдық миссиясы. Осының бәрі жаһандық тұрақтылық пен сенімнің іргетасын айтарлықтай нығайта түсті. Әлі де болса әлемде қауіпті шиеленіс байқалып отыр. Бұл туралы Елбасы өзінің «Әлем. XXI ғасыр» атты манифесінде айтып өткен болатын», — деді ҚР Президенті бүгін елордада өткен «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» табыстау рәсімінде.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда