Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда болған атысқа қатысты пікір білдірді. Оқиға кезінде бес адам қаза тапты.
«Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына тағы да көңіл айтамын. Полиция қызметкері мен сот орындаушысы қызметтік міндетін орындады және өкінішке қарай оларға жасалған шабуылда қаза болды. Адамдарды өлтіруді себебі қандай болмасын ақтауға болмайды. Өркениетті қоғамда кез келген дау мен проблема тек құқықтық салада шешілуі керек. Сонымен қатар, болған трагедияны егжей-тегжейлі түсіну керек, бұл — трагедия», — деді Тоқаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте.
Azattyq-ruhy сайты жазғандай, Президент Үкімет пен Алматы әкімдігіне Алматыдағы қайғылы жағдайдан зардап шеккеннің бәріне, бірінші кезекте балаларға қолдау көрсетуді тапсырды.
Мемлекет басшысы мұның банктердің кепіл саясатына, бағалау қызметін жетілдіруге, жеке сот орындаушылардың жүмысына және өзге де аспектілерге қатысты екендігін атап өтті. Бұл мәселеде ашық және бірыңғай сот тәжірибесін қамтамасыз ету маңызды екендігіне баса назар аудартты.
«Қайғылы жайттың мән-жайын тыңғылықты ашу керек. Мұндай жайт неліктен болғанын анықтау қажет. Кредиторлар мен проблемалы заемщылар арасындағы әсіресе тұрғын үйге қатысты қарым-қатынас өте нәзік. Мұны білеміз әрі заңдық жетілдіруді талап етеді.
Үкіметке, Ұлттық банкке және Қаржылық реттеу агенттігіне бір ай мерзімнің ішінде заңнамалық және нормативтік түзетілер топтамасын дайындау тиіс. Тағы да қайталап айтамын, егер оған қажеттілік болса. Дегенмен, мен мұндай қажеттілік туындап отыр деп санаймын. Бірақ, мамандар бұл проблеманы тағы да бір мәрте тыңғылықты зерделеуі тиіс. Сонымен қатар Үкімет пен Алматы әкімдігі қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің барлығына, бірінші кезекте балаларға қолдау көрсетуі қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.