jasqazaq.kz

Қ.Өскенбаев су тарифін қалай төмендету керектігі туралы айтты

04 маусым 2019, 14:09

Сумен жабдықтау көзінен бастап түпкілікті тұтынушыға дейін су тарифі бірдей болады. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.
ҚазАқпарат хабарлағандай, «Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорны базасында Бірыңғай оператор құруды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күні оның құрамында 11 мың жұмысшы бар, материалдық-техникалық жабдықталуы да жаман емес», — деді вице-министр. Осы орайда, ол жаңа кәсіпорын құрылмайтындығын баса айтты. «Екіншіден, ауылдық елді мекендерде тарату желілерін жобалау және салу мүмкіншілігін аламыз. Әзірше олар бізде елді мекендердің шекараларына дейін ғана бар. Бұл шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді. Бірыңғай оператор болған кезде жоба да сапалы болады. Бұған қоса, адами ресурстарда және материалдық-техникалық тұрғыда өзге де мүмкіншіліктер пайда болады», — деді ол. Сонымен қатар бірінші вице-министр мұндай шаралар бюджет қаражатының шығыстарын да айтарлықтай қысқарта түсетіндігін атап өтті. «Делдалдарды жоятындығымызда да үлкен басымдық болып саналады. Қазіргі уақытта біз тарифтердің бір бөлігін субсидиялаймыз және ол елді мекендердің шекарасына дейін ғана жұмыс істейді. Ары қарай делдал пайда болып, қызметіне үстеме құн қосады. Ендігі уақытта сумен жабдықтау көзінен бастап түпкілікті тұтынушыға дейін бірыңғай баға болады. Сол арқылы тариф көлемін төмендетеміз», — деді Қ.Өскенбаев.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда