jasqazaq.kz

Қ.Бозымбаев: «Менің тағдырым Президенттің қолында»

10 қазан 2017, 14:29

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев премьер-министр тарапынан бензинге қатысты айтылған сынға пікір білдірді, –  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Мен жоғарғы басшылықтың шешімін талқыламаймын. Ол өз құзыретіндегі шараны қолданды. Талқылайын деген ойым жоқ.

Мен презентация жасап, бұл жағдайдан қалай шығу үшін не істеу керектігін көрсеттім. Бензин бағасының өзгеруіне байланысты әр түрлі жанармай бекеттері әр түрлі баға қояды. Біреулер шын пейілмен сатып жатты, ал біреулер ұстап тұрды», — деді Қанат Бозымбаев. «Егер мен мұнай тапшылығы жоқ десем, яғни мұнай базаларында әлі де қалдықтардың барын айтқаным. Қалдықтар көбейіп жатыр. Мен әр әкімге жанармай бекеттерінде мұнайдың бағасын өсетінін күтпей, ұстап тұруын қойсын деп ескерттім. Бұған жол жоқ, жауапкершілік болады», — деді энергетика министрі. Ведомство басшысы неліктен бұл жағдайды бензин тапшылығы жоқ деп санайтынын түсіндірді. «Жанармай бекеттері қалдықтарын ұстап, бағаның өсуін күтіп отыр. Бұл қиын жағдай, шыдамдылық керек, бағаны да түсіру қажет. Қарашада бензин екі есе көп болады», — деді Қанат Бозымбаев. «Мен министрмін. Менің тағдырым Президенттің қолында. Ол не десе, сол болады», — деді министр. Еске салайық, Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы ұсыныс енгізеді. «Мен мынадай шешім жасаймын. Үкімет мүшелеріне қатысты тәртіптік шараларды ел Президенті қабылдайтындықтан, мен бүгін Мемлекет басшысының атына энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы ұсыныс енгіземін», — деді Сағынтаев үкімет отырысында.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық