jasqazaq.kz

KFC тағамдарын жеткізу күшейтілген жүйемен жұмыс істей бастады

03 сәуiр 2020, 15:33

Қазіргі эпидемиологиялық ахуалға байланысты KFC мейрамханалары үкіметтің кеңесіне құлақ асып, келушілерді мейрамхана ішінде (кейбір қалаларда 50 адамға дейін кіргізуі мүмкін) қабылдамайды. Сондықтан KFC тағамдарын автотарату терезесі немесе Glovo, Chocofood жеткізу сервисі және 7797 нөмірі арқылы тапсырыс беріп алдыруға болады. Тапсырыс үшін ас мәзіріндегі фирмалық тауық еті мен баскеттен тәттіге (десерт) дейінгі негізгі тағамдардың бәрі қолжетімді.

· 7797 нөмірі арқылы тағам жеткізу Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Павлодар, Қарағанды, Өскемен қалаларында жүзеге асырылады

· Chocofood арқылы Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтау, Ақтөбеде жеткізіледі

· Glovo Алматы мен Нұр-Сұлтанда қызмет көрсетеді

Серіктестер курьер санын көбейтіп, қазіргі эпидемиологиялық ахуалға байланысты қауіпсіздік шараларын күшейту арқылы қысқа мерзімде жеткізуге күш салады. Glovo, Chocofood және 7797 нөмірі арқылы жеткізу үшін аударым жүйесімен төлем жасалса, тапсырыс берушімен жолықпай-ақ қызмет көрсетіледі. KFC мәзіріндегі негізгі тағамдардың бәріне, сондай-ақ бөтелкедегі сусындарға тапсырыс беруге болады. Бұл топқа салат, милкшейктер, балмұздақ пен балмұздақ қосылған тәттілер, құйылмалы сусындар кірмейді.

Мейрамхананың автотарату жүйесі Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтау, Қарағанды, Павлодар, Орал және Өскемен қалаларында жұмыс істейді.

Карантин енгізілуіне байланысты Қазақстандағы қоғамдық тамақтандыру орындарында келушілер саны шектелді. Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Шымкент, Орал және Өскемендегі мейрамханаға 50 адамға дейін кіре алады. KFC мейрамханаларында жеткізу сервисі және KFC Drive атвотарату терезесі арқылы тағамға тапсырыс беруге болады. KFC елде жеткізу сервисін әрмен қарай жетілдіру жағын қарастырып жатыр.

KFC-дің барлық мейрамханаларында тамақ қауіпсіздігінің онсыз да қатаң стандарттары күшейтіліп, қызметкерлердің жеке тазалығы ережесі қолды жиі жуу, бактерияға қарсы құралдармен

зарарсыздандыруды көздейді. Әр мейрамханада дезинфекция құралдарының қоры молайтылды. Ол кем дегенде бір айға есептелген. Қажет жағдайда қор толықтырылып отырады. Бұған қоса, KFC күн сайын қызметкерлердің дене қызуын өлшеп, денсаулығын бақылайды.

Өзге де шаралар:

1) Жағдай өзгергеннен бастап барлық мейрамханадағы келушілерге арналған дәретханаларда жай сабынның орнына бактерияға қарсы түрі қойылды;

2) Әр тапсырысқа ылғал майлық тегін беріледі;

3) Әр келуші кассада өз өтініші бойынша санитайзерді пайдалана алады;

4) Барлық мейрамханада фудкорт аумағынан басқа жерде санитайзері бар жеке диспенсерлер қойылды;

5) Келушілерге арналған дәретхананы тазалау әр 15 минут сайын жүргізіледі.

6) Барлық аумақты, сондай-ақ адам қолы көбірек тиетін орындарды тазалау және санитарлық зарарсыздандыру жиілей түсті.

— үстел беті әр келушіден кейін

— өз-өзіне қызмет көрсету дүңгіршегі 30 минут сайын

— касса, сатушы сөресі әр сағат сайын

зарарсыздандырылады.

7) KFC өз қызметкерлеріне қатысты онсыз да қатаң ережені күшейтіп, қол жуу және оны бактерияға қарсы құралдармен зарарсыздандыруды жиілетті.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық