jasqazaq.kz

Кезекті жеделдету үшін ақша алған (видео)

23 қараша 2018, 13:19

Алматыда ХҚКО-лардың бірінде кезекті жеделдету үшін ақшалай сыйақы алған қызметкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы қалалық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасындағылар арнайы жедел іс-шара барысында азаматтарды кезексіз қабылдау үшін ақшалай сыйақы алып отырған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерін ұстаған болатын. «Қызметкер кезекті жеделткені үшін 7 мың теңге алған. Ол бірден сол жерде ұсталды. (…) Бірнеше қызметкердің осылай ақша алып отырғаны анықталды — 5 000 — 15 000 теңге аралығында. Ұсталғандардың сөзіне қарағанда, олар ақшаның жартысын корпорацияның инспекторларына беріп отырады. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 247-бабы бойынша («Заңсыз сыйақы алу») Алатау аудандық Полиция басқармасы тергеп жатқан қылмыстық іс материалдарына қосылды», — деп хабарлады қалалық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Берік Әбілбеков. Cондай-ақ, Алатау ауданының полицейлері қылмыстық іс материалдарының үш күн ішінде сотқа жолданатынын айтып өтті.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді