
Кездесу барысында Еңбекші ауданында жастар саясатын жүзеге асыру жайы баяндалды.
Шымкент қаласының әкімі және әкімдік жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің кезекті отырысы Еңбекші ауданының жастарымен өтті.
Кездесу барысында Еңбекші ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды.
Қала әкімі жастар арасында қозғалып жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар талқылауда белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлері айтылды.
Жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектерін мемлекттік бағдарламалар арқылы тұрақты жұмысқа орналастыру;
«Ерікті жастардың біліктіліктерін арттыруға арналған жобалардың санын көбейту.
Жас режиссерларды қолдауға арналған фестивальдармен іс-шаралардың санын арттыру сынды ұсыныстар ұсынылды.

Мегаполис жастары бүгінгі күн мен болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне, қаламызды дамуына, көркейуіне жастардың ерекше қолдауы және жауакершілігі жоғары екендігін айтып, жастардаң барлық оң бастамаларын қолдайтынын жеткізді.
Шымкент қаласының әкімі жастармен айына бір рет кездесу өткізетін болады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен әкім жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысында айтылған болатын. Жастардың бүгінгі мәселесінің оң шешімі жарқын болашақтың кепілі екендігі белгілі. Заман талабына сай өзгеріп отыратын бұл мәселелер ауқымды талдау мен жүйелі шешім жолдарын қажет етеді. Ал, мәселенің мәнін дұрыс анықтау, жастармен жүйелі кездесулер мен диалогтар арқылы мүмкін екені анық. Осы мақсатта Шымкенттегі 4 ауданның жастары 4 блогқа бөлініп, олармен тұрақты кездесулер өтіп тұрады.
Тоқтар Жақаш