jasqazaq.kz

Кетем деген әйелді ұстай алмайсың (видео)

18 наурыз 2021, 17:25

«Бауыржан шоу» театырының сахнасында «Отыздан асып барамын» қойылымындағы Айка, прапорщик Боранбаев сияқты қайталанбас образдар жасап, халықтың ыстық ықыласына бөленген актер Нұрбек Мәдиевтің театрдан кетуіне кім кінәлі? Танымал актер «Ең алғашқы» бағдарламасына берген жүрекжарды сұхбатында барлығын бүкпесіз баяндады.

Театр сахнасындағы үзеңгілесі актер Алмат Сақатов Нұрбек Мәдиевтің кетуіне өзін, Бауыржан Ибрагимовті, Әбунасыр Серіковті, Қуандық Шәкіржановты кінәлі санайды.

Алайда актердің өзі былай дейді:

Бұған ешкім кінәлі емес, бұған өзім кінәлі шығармын. Әкем ауыра бастады. Анам нашарлады. Әкемнің жүрегі нашарлады. Ішімнен былай ойладым: өнер Алланың бергені шығар. Бірақ әке-шешем тірі тұрғанда, қастарында болайыншы деген оймен Бәкеңнен (ред. еск. – театр басшысы Бауыржан Ибрагимов) де кешірім сұрап, жігіттерге де айтып, ауылға кеттім.
Сұхбаттан белгілі болғандай, өнерден бөлек, актердің өмір жолы да соқпақсыз болмапты.

Ең алғаш студент шағында Лиза есімді арумен шаңырақ құрып, кейін некелері сәтсіз болып, екі жаққа кетеді. Әйелімен бірге 4 жасар ұлы ере кеткен. Екінші рет Ардақ есімді жанмен бас қосып, 20 жыл отасып, үш баланы бірге өсіріп, екінші әйелімен де ажырасып кетеді.

Кетем деген адамды ұстай алмайсың. Алматыға, Талдықорғанға кетем дегенді шығарды. Есің дұрыс па? Балалар бар емес пе деп айтатынымды айттым. Ол жақта не бар, не іздеп барасың? Үйің осында, жұмысың бар. Енді балаларға қарайық дедім. Жоқ, кетем де, кетем, сол жаққа барам деді. Менің ойым, адам жақсы көретін болса, сүйетін болса, ер азаматтың артынан жүруі керек қой. Кетті де қалды. Осы жасқа дейін әйел адамға қол көтерген емеспін, — дейді Нұрбек Мәдиев.
Екінші әйелімен ажырасқанына бес-алты жыл болған актер бүгін Светлана есімді әйелмен бас қосып, бір шаңырақ астында тұрып жатыр.

Әйелдерім бір-бір түсінсе екен. Бәрін де жақсы көрем. Лизаны да, Ардақты да, Светаны да жақсы көрем. Әрқайсысы бір-бір тұлға. Қасымда жүрсе екен, балаларым араласып тұрса екен. Әйелдерім, балаларым кешірсек екен» деген жүрекжарды тілегін білдірді өнер иесі.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия