jasqazaq.kz

КешYOU тобының директоры аштық жариялады

02 наурыз 2020, 21:07

Нұр-Сұлтанда коронавируске қатысты карантинде жатқан «КешYOU» тобының директоры аштық жариялады. Назым Басқынбаеваның Денсаулық сақтау министрлігіне қояр бірнеше талабы бар. Танымал продюсер Жапониядан коронавирус шыққан Diamond Princess кемесінде болған төрт отандасымызбен бір ұшақта келген еді.Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Назым Басқынбаева, «КешYOU» тобының директоры:

— Жандарбек Бекшин бізден үш сынама алынып, егер коронавирус анықталмаса, үйге жіберетінін айтқан. Алайда бүгінге дейін бес сынама алынды. Мұның себебін ешкім түсіндірмейді. Әлі күнге дейін ешбір анықтама, бірде-бір қағаз көрген жоқпыз. «Біздің рейстегі жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды ма?» деген күдік те бар.

«Шыдамның да шегі бар» деген продюсер өзі карантинде жатқан медициналық мекемеде санитарлық талаптар сақталмайтынын жеткізді. Палатасын видеоға түсірген ол тазалық жұмыстарының тұрақты түрде жүргізілуін талап етіп отыр. Назым Басқынбаева уақытша еңбекке жарамсыздығы жөнінде анықтаманы да «әлі алмадым» деп ашынады. Алайда құзырлы орын өкілдері «алаңдауға еш негіз жоқ» дейді. Өйткені сынаманың қорытындысы бойынша жолаушылардан коронавирус анықталмаған. Сондықтан олар карантинде жатқан адамдарды шыдамдылық танытуға шақырады.

Сархат Бейсенова, Нұр-Сұлтан қаласы тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары:

— Жапониядан келген 20 кісіден үш сынама алынды. Зерттеу жұмыстарын жүргізгенде нәтижелері теріс болды. Олардың денсаулығы дұрыс болса, 14 күннен кейін шығарылады. Өздеріне он күн ішінде байланысып, біліп отырамыз. Сосын жұмысына, мектебіне, балабақшасына бара береді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия