jasqazaq.kz

Кеселмен күреске бөлінген қаражат бойынша тергеу жүріп жатыр

19 шiлде 2020, 11:08

Қаржы министрлігі жанындағы Экономикалық тергеу қызметі (СЭР) коронавирус инфекциясымен күреске деп бөлінген мемлекет қыржысын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр екен. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап, хабарлады.

«Қаржы министрлігінің Экономикалық тергеу қызметі коронавируспен күреске бөлінген аса ірі көлемдегі мемлекет қаржысын алаяқтық арқылы жымқыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеуде», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тағы үш қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстарын бастаған. Олар:

— «Медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ лауазымды тұлғаларының бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс;

— Жекелеген тұлғалардың ірі көлемде медициналық бетперделерді заңсыз иемдену фактісі бойынша іс;

— Медициналық мекемелердің жекелеген басшыларының аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыруы фактісі бойынша іс.

«Сонымен қатар, Қауіпсіздік кеңесі мен Президент аппараты бірлескен бастамасы бойынша, құқық қорғау органдары коронавируспен күреске деп шет елдерден келіп жатқан гуманитарлық көмектің мақсатты әрі тиімді игерілуін бақылайтын болады», — делінген хабарламада.

abai.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі