jasqazaq.kz

Кереметке толы мекен

16 тамыз 2019, 15:08

Көркіне көз тоймайтын сұлу мекен, 
Әрдайым мен өзіңді жыр ғып өтем.
Көлсайым, Қайыңды көл, жасыл орман,
Ғажайып сырға толы ертегі екен.
Көлсай мен Қайыңдының сұлу табиғатына жыр арнамай өту мүмкін емес. Өйткені табиғаты  ғажайыпқа толы мекен шығармашылық жанның шабытын ашып, сарайын кеңейтеді.  

Өзім  осы ауданның тумасы бола тұра табиғаты құтты мекенге бірінші рет әріптестеріммен келдім. Шілде айының  соңында  көрікті Көлсай мен Қайыңды көліне бір топ қалам мен микрофонды серік еткен журналистермен келген болатынмын. Сапар туралы әсеріммен сол сәтте –ақ бөліскім келген, бірақ сәті түспей бүгін қалайда жүректе жатқан әсермен бөлісуді жөн көрдім. Сапарды « Қазақ журналистері» тобының белсенділері Бауыржан Карипов, Ербол Азанбек, Гүлвира Биғалиева сынды өз ісінің мамандары ұйымдастырған болатын. Туған жерім Көлсайдан алыс емес Кеген ауданына қарасты Ұзынбұлақ ауылы. Табиғаты ерекше таулы, қарағайлы, орманды мекен. Шыны керек «қолда барда, алтынның қадірі жоқ» деген мақал дәл маған қарата айтылса керек. Өйткені Көлсайға алыс шет елден, тіпті Африкадан келген туристерді көргенде жер жаннаты Жетісудің ең көрікті мекеніне «неге ертерек келмеген екенмін» деген өкініш болды.

Алматыдан ат терлетіп шыққан 35 журналисті Саты ауылында Кеген ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Омархалық, Саты ауылы әкімдігінің бас маманы Мәлік Ыдырысов, Алғабас ауылының әкімі Сырым Есенханұлы, А.Нүсіпбеков атындағы Көлбастау орта мектебінің директоры Рүстем Жеңісұлы сынды азаматтар күтіп алып, екі күнгі сапарымызды тиімді әрі әсерлі өткізуімізге  ат салысты. Қазақтың қарапайымдылығы кетпеген дарxан пейілдерін аймаған ағаларға ризашылығымды білдіремін. Сапарымыздың бірінші күні көрікті Көлсайды аралап, қайыққа отырып, атпен серуен құрдық. Ал келесі күні көркіне көзің тоймайтын Қайыңды көлін тамашаладық.

Туристердің ағылып келуі де осы тұмса табиғатты өз көздерімен көруінде болса керек. Десек те туған өлкемдегі туризмді дамытуға қарқынды қадам жасалып жатқандығы байқалады. Дегенмен де шешілуге тиіс жұмыстар әлі көп. Әсіресе интернет мәселесі, сапалы қызмет көрсету, Қайыңдыға баратын жол сынды көптеген шешімін табуы тиіс жұмыстар бар. Алдағы уақытта түйткілді мәселелер шешімін табатынына сенімдімін. Өйткені аудан әкімдігінің өкілдері жүзеге асырылатын бірқатар жоспарларын атап өткен болатын. Сапардан түйгенім сұлулықты алыстан іздемейік, нағыз сұлулық жанымызда. Барымызды бағалайық, қадірін арттыра білейік. Көлсай мен Қайыңдыны табиғаты ерекше мекен. Әсіресе біз секілді шығармашылық адамдарға шабыт сыйлайды. Ерекше әсерге бөлейді. Бұл сұлулықты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оны жүрекпен сезіну керек. Табиғаттан нәр алғысы келетіндерге Көлсаймен Қайыңды таптырмас мекен. Көрікті мекенді көргенде арманда, көрмеген де арманда! Әріптестермен бір үйдің баласындай болып, көрікті мекенде өткізген екі күн мәңгі есте қалады.

 

Мақпал Ноғайбаева

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда