jasqazaq.kz

Кептірілген құрмадан қауіпті ішек инфекциялары табылды

14 мамыр 2019, 22:37

 

Абай болыңыздар, шетелден әкелінетін кептірілген құрмадан қауіпті ішек инфекциялары табылды. Одан бөлек, сауда орындарында жұмақ жемісінің бағасы да қымбаттаған. Оған не түрткі? Жалпы Рамазан айында жұрт аса көп тұтынатын құрмадан қауіптенетіндей себеп бар ма?

Рамазан айы басталысымен құрма саудасы қыза түсетіні белгілі. Тіпті, бұған дейін 300-400 теңгеге саудаланған жұмақ жемістің құны әп-сәтте шарықтаған. Мәселен, шетелден келгені кемі 5000 теңгеден саудалануда, деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы».

«Негізі сапасына қарайды. Бағалары әр түрлі. Мысалы, ең арзаны 100-150 теңге, ал шетелден келгендері 3500-5000 теңге», — дейді сатушы Нұрымбет Әшірбаев.

Қала тұрғындары да құрма бағасының шарықтап кеткенін растап отыр. Бұған дейін 400-500 теңгеге сатылған жидек қазір қымбаттаған.

Одан бөлек, соңғы 4 айдың ішінде құрмадан ішек таяқшалары табылған. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мәлімдеді. Мәселен, соңғы тексеру нәтижесінде сауда орындарынан алынған құрмалардың 4 пайызынан адам денсаулығына аса қауіпті микробтар анықталыпты.

«Тексеріс нәтижелері бойынша, 18 пайызы талаптарға сай болмай шықты. Сәйкес келмейтін өнімдердің басым бөлігі импорттық өнімдерге тиесілі. Талаптардың бұзушылықтары, кеден одағының заң бұзушылықтарының 85 пайызы анықталса, 4 пайызында қауіпсіздік көрсеткіштері, ішек таяқшаларын анықтаушылықтар болды», — дейді қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің бас сарапшысы Дана Қасқатаева.

Осылайша, мамандар құрманың сыртқы қорабын мұқият қарау керектігін айтады. Егер де оның шыққан күні, қолдану мерзімі жазылмаса, мұндай өнімнен бас тартқан дұрыс, дейді. Сонымен қатар, өзге елден импортталғандар көбіне санитарлық талаптарға сай келмейді екен.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті жүргізген мониторинг нәтижесінде кінәлі тұлғаларға 27 миллион астам айыппұл салынған. Одан бөлек, сауда орындарынан талаптарға сәйкес келмейтін 4,5 мың тонна қауіпті тағам өнімдері, оның ішінде 9 келі құрма тәркіленген.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі