jasqazaq.kz

Кептерлер ауызынан қан кетіп қырылды (Видео)

08 мамыр 2021, 14:05

Алматы тұрғындарын көшеде шашылып жатқан құстардың өлексесі шошытты. Кептерлердің жаппай қырылуына не себеп болғаны белгісіз. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Арықтар да көгершіндердің өлексесіне толып қалған. Тіпті балалар ойын алаңында да шашылып жатыр. Бәрінің де тұмсығынан қан аралас көбік аққан. Тұрғындар құстарға әлдебіреулердің қасақана у бергеніне сенімді. Себебі, бірер күн бұрын кептерлерге бола өзара жанжалдасып қалған. Біреуі маңайды ластады деп, кеміргіштерге қарсы дәрімен көзін құртқысы келсе, басқалары үзілді-кесілді қарсы шыққан. Қалай болғанда да көгершіндердің не себепті қырылғаны белгісіз. Удан сескенген жұрт енді санитар дәрігерлерден дереу сынама алуды сұрап отыр.

Анастасия Мигунова:

— Құстарды әдейі улаған. Тышқанға қарсы дәрі шашқан. Бұл кісі қолынан жем алып үйренген көгершіндер. Ешкімге зияны жоқ еді. Бұл арада бала ойнайды. Олар да уланып қалуы мүмкін. Полицияға шағымдандым. Бірақ олар арызымды қабылдамады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия