jasqazaq.kz

Кепілдегі пәтерлерді алып берем деп елді алдаған алаяқ ұсталды

21 желтоқсан 2017, 10:47


Алматыда арзан бағаға үй алып берем деп елді алдаған 34 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол адамдардың сеніміне кіріп, 10 млн теңгесін қолды еткен.

«34 жастағы әйел екінші деңгейлі банктерден кепілдегі пәтерлерді алуға болатынын айтып, елді алдап келген. Қысқа мерзімде баспананы нарықтық бағасынан 70 пайызға арзан алуға болады деп сендірген. Сөзіне иланған адамдар құжат жинап, әйелдің шотына 2 мың АҚШ долларын салуға тиіс болған. Белгілі болғандай, әйел банк саласында жұмыс жасамаған. Осы уақыт аралығында полицияға алаяқтық дерегіне байланысты 5 адам арызданып үлгерген. Алайда жапа шеккен адамдардың саны одан да артық болуы мүмкін. Осыған байланысты 254-47-00; 254-47-01; 254-47-59; 254-47-02 немесе 102 телефондарына хабарласуларын сұраймыз», — деді Бостандық аудандық ІІБ басшысы Даурен Өтебаев. Осылайша әйел ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлімімен көрсетілген қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды.

Әйел өз кінәсін мойындап отыр.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды