jasqazaq.kz

Кенжебек Жанәбілов Мейрамбектің қол астында жұмыс істегенін айтты

16 шiлде 2019, 15:42

Кенжебек Жанәбілов «Музарт» тобына келгенше мейрамханада ән айтқан. Әнші әйгілі топқа шақырту алған кездегі алғашқы қуанышы жайлы «Ережесіз әңгіме» бағдарламасында мәлім етті.

Кенжебек Жанәбілов ата-анасынан ерте айырылып, Алматыға туған ағасының қолына көшіп келген.

Ал үлкен қалаға келген алғашқы жылдары Мейрамбек Бесбаевтың жеке мейрамханасында ән шырқап, қаражат тапқан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Кенжик (@kenzhebekmuzart)

«Мен Алматыға келген соң мейрамханаларда ән шырқадым. Мейрамбек ағамыздың да ашқан мейрамханасы болды. Сол жерге мен де бардым. Менің Алматыға келуіме себепкер болған Бақтыбай деген туған ағам болатын. Ол кісіні Мейрамбек ағалар да таниды. Мейрамбек ағаның мейрамханасына келіп, ән айтып жатқан кезде ағам мені оларға тапсырды.
Содан әр мерекеде олардың достары жиналып, маған ән айтқызып, өздері билейді. Солай жүріп «Музарт» тобының әншісі болып кеттім», — дейді Кенжебек Жанәбілов.
Сондай-ақ, өнер иесі «Музарт» тобында ән айтуды армандамағанын да жеткізді.

«Мен Шымкент қаласына екінші курсты оқуға кетіп қалған кезім. Маған қанша ұйықтасам да, түске кірмейтін қоңырау шалынды. «Сен бүгіннен бастап «Музартсың» дейді. Мен «Сен шатасып тұрсың ғой деймін» дедім. Армандаған да жоқпын. Келген кезде маған қатты қиын болды. Біреудің орнын біреу басу оңай емес», — деп ағынан жарылды Кенжебек Жанәбілов.

NUR.KZ

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда