jasqazaq.kz

Кентауда үшем дүниеге келді

05 сәуiр 2018, 13:11

Оңтүстік Қазақстан облысында тағы бір үшем дүниеге келді. Кентау қаласына қарасты Құсшы ата ауылының тұрғыны Фатима, Зухра, Хурсан есімді сәбилерді өмірге әкелді.

ҚазАқпарат хабарлағандай, 18 ақпанда дүниеге келген үшемдердің салмақтары аз болғандықтан олар әлі күнге анасымен бірге Түркістан қалалық балалар ауруханасында ем қабылдауда. Дәрігерлердің сөзінше, Зухра мен Хурсанның қазіргі жағдайлары жақсы. Ал салмағы бір келіге де жетпейтін Фатима дәрігерлердің бақылауына алынған. Аптаның сәрсенбісінде оларға қала әкімдігінен арнайы мамандар барып, жағдайларын біліп қайтады. Күні кеше екі қыз бір ұлды өмірге әкелген Дилфуза Шәмшиеваны Қарнақ ауылы әкімінің орынбасары Қайрат Ахметов арнайы барып құттықтап, Түркістан қаласы әкімінің атынан сыйлық табыс етті.

Айта кетейік, 33 жастағы ана бұған дейін 5 баланы өмірге әкелген. Енді ол — 8 перзенттің анасы. Көпбалалы келіншектің жолдасы Кентау трансформатор зауытында жұмыс істейді. Еске салайық, бұл өңірде жыл басынан бері туған үшінші үшем болып отыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облыста орташа есеппен жылына 7-8 үшем дүниеге келеді екен. Бала туу көрсеткіші бойынша алғашқы қатарда Түркістан қаласы, Сарыағаш, Мақтаарал және Сайрам аудандары тұр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық