jasqazaq.kz

Кентауда ұрланды деген әйел қонақ үйде жасырынып жатқан болып шықты

05 қазан 2017, 18:55

Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында іздеуде болған әйел Тараз қаласының қонақ үйінде жасырынып жатқан жерінен табылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

TVK телеарнасының мәліметінше, Кентау қаласының полиция бөліміне 1978 жылы туған жергілікті тұрғын әйелінің ұрланғанын хабарлайды. Ер адам белгісіз біреулер телефонына бірнеше рет смс-хабарлама жазып, әйелі үшін 3 000 000 теңге құн төлеуді талап еткенін, ал талапты орындамаған жағдайда оны өлітіремін деп қорқытқанын айтады.

Дереу ҚР ҚК 126-бабы «Заңсыз бас бостандығынан айыру» және 194-бабы «Бопсалау» бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Дегенмен істі тергеу барысында ешкім күтпеген жағдай болды.

Полиция бөлімінде жедел қызметкерлер мен тергеушілерден арнайы топ құрылды. Полицейлер ауыр қылмысты ашу үшін барлық қажетті шараларды қолға алды. Нәтижесінде әйел Тараз қаласындағы қонақ үйлердің бірін жалдап алғаны анықталды. Соңында оны ешкім ұрламағаны, мұның бәрін өзі ұйымдастырғаны белгілі болды.

Тергеушілер қылмыстық істі ҚР ҚК 419- бабының 3-тармағына («Қасақана жалған хабар тарату») ауыстырды. Айта кетейік, бұл бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған.

Соталды тергеу барысында әйел мұндай қадамға ақшаға мұқтаж болғандықтан барғанын мойындады. Түркістан қаласында ол қаржы пирамидасын құрамын деген желеумен таныстарынан ақша алып, жұмсап жіберген екен. Біраз уақыт өткеннен кейін адамдар ақшасын талап ете бастайды. Ол қарызын қайтару мақсатында күйеуін алдап ақша алмақ болған.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде