jasqazaq.kz

Кеншілердің жалақысына қатысты тергеу жалғасып жатыр

26 желтоқсан 2017, 16:16

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова кеншілердің жалақысына қатысты екіұшты ақпарат бойынша қызметтік тергеу жалғасып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Мен сіздерге ресми статистикада көрсетілген орташа жалақы туралы айттым. Ресми нұсқа бойынша ол дұрыс ақпарат. Мен кімнің қанша алатынын аты-жөнімен атап көрсеткен жоқпын ғой. Мәселен Иванов 140 мың немесе Сидоров 350 мың деген сияқты. Мен тек ресми ақпаратты қана ұсындым. Қазір бұл мәселе егжей-тегжей тексерілуде. Осы тұста тағы бір мәрте айтып өткім келеді: заңға сәйкес азаматтың жалақысын жария ету заң бұзушылық болып саналады», — деген министр қызметтік тергеу бір ай ішінде аяқталатынын атап өтті.

Естеріңізге салып өтсек, 11 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтерлері зейнет жасын төмендету және жалақыны өсіру талабымен жер астынан шықпай қойды. Ереуіл төрт-бес күнге созылды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова кеншілердің қанша алатынын мәлімдеген болатын.

«Қазіргі уақытта «АрселорМиттал» шахталарында істеп жатқан азаматтар алатын еңбекақының ең төменгі мөлшері — 208 мың теңге, ал жоғары мөлшері — 326 мың теңге «, — деген еді министр.

Кейінірек БАҚ бетінде ереуілдеткен шахтерлердің нақты жалақысы көрсетілген суреттер тарады. Кеншілер ешкім де 300 мың теңге айлық алмайтынын айтып шулады.

 

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды