jasqazaq.kz

Кеншілердің талабы орындалды

25 қыркүйек 2019, 16:32

23 қыркүйекте «Синопэк Казахстан» корпорациясының Ақтаудағы филиалының қызметкерлері жалақыны 100% көтеруді талап етіп, жұмысқа түгелдей шықпай қойды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Қарақұдық және Солтүстік Бозашы кен орындарының 100-ге жуық жұмысшысы жалақыларын 100% көтермейінше жұмыс шықпайтындарын айтқан.

— 23 қыркүйе «Синопэк Казахстан» корпорациясының Ақтаудағы филиалының қызметкерлері, атап айтқанда Қарақұдық және Солтүстік Бозашы кен орындарының 100-ге жуық жұмысшысы сағат 17.00-де жұмыстарын кілт тоқатып, жалақыларын 100% көтеруді талап етті. Келесі күні, яғни 24 қыркүйекте жұмыс беруші мен еңбек ұжымының бастамасымен арада келіссөздер жүргізіліп, ол күні бойына созылды.

Келіссөздің нәтижесі бойынша жұмысшылар кешкі 20:00-де жұмысқа шықты. Тараптар жалақы мөлшерін «М-Техсервис» ЖШС-нің Маңғыстау филиалының (Солтүстік Бозашы кен орнындағыдай ұқсас жұмыспен айналысатын компания) жалақысының деңгейіне теңестіру туралы шешім қабылданды», — деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда