
Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы Кенияның бес өкіліне «спорттық азаматтығын» тіркеу үдерісін бастады. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Төрт спортшы — Нора Жеруто, Кэролин Кипкируй, Дейзи Джепкимей, Шадрак Кох, сондай-ақ жаттықтырушы Кеннет Кепиего Ротич — 2018 жылдың желтоқсан айында Қазақстанның азаматы атанды.
2019 жылдың қаңтар айынан бастап спортшылар Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайды. Сондай-ақ «Алтай атлетикс» клубының мүшелері болып табылады.
«Қазіргі уақытта федерация «спорттық азаматтықты» рәсімдеу шараларын бастап кетті. Оларды Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (IAAF) өз ережелеріне сай тіркейтін болады. IAAF рейтингіне сәйкес қазіргі уақытта Нора Джеруто 3000 метрге кедергілермен жүгіру бойынша екінші орында тұр, ал Каролин Кипкируи — бес мың метрге жүгіруден сегізінші орында, он шағырымға жүгінруден бірінші орын, үш мың метрге жүгіруден екінші орында. Өз кезегінде Дэйзи Джэпкимэй үш мың метрге жүгіруден оныншы орында», — делінген федерацияның ресми жауабында.
Жеңіл атлетикада соңғы өткен Қазақстан біріншілігінде ШҚО атынан бес кениялық спортшы өнер көрсетті. Еліміздің бас бапкері Григорий Егоров атлеттердің қазақстандық азаматтығын алғанын растады. Алайда мән-жайымен бөлісуден бас тартты. Айта кетейік, Ротич «Алтай Атлетикс» клубында бапкер-менеджер қызметін атқарады.