jasqazaq.kz

Кеніште топырақ басып қалған машинист табылмай жатыр

27 тамыз 2018, 12:58

«Қазцинк» ЖШС-не қарасты Риддер кен байыту кешенінің Тишин кенішіндегі апат салдарынан топырақ астында қалған машинистің мәйіті табылмай жатыр.

Оқиға 24 тамыз күні болған. Тишин кенішінде топырақ опырылып, апат аймағында бір машинист қалып қойған. Шұғыл түрде құтқару жұмыстары ұйымдастырылғанына қарамастан, машинистің денесі табылар емес. «Компания қызметкерлері топырақ астында қалған әріптесімізді табу үшін қолдан келгеннің бәрін істеуде. Қазір Тишин кенішінде жұмыс тоқтатылған. Барлық күш машинистің денесін аршып алуға жұмылдырылды. 40 адам мен 5 техника үздіксіз жұмыс істеп жатыр», — дейді «Казцинк» ЖШС-нің қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Евгений Фоминых. Мамандар құлаған топырақ мол болғандықтан машинистің тірі қалуы екіталай екенін айтады. Апаттың себебі мен салдарын құзырлы мемлекеттік органдар анықтайтын болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді