jasqazaq.kz

Кен орындарын игеруге құқық беру мерзімі қысқарды

20 желтоқсан 2022, 16:00

Үкімет отырысында Геология саласын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың айтуына қарағанда, бұл тұжырымдама жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеудің тиімділігін арттыруға бағытталған.

«KAZNEDRA ақпараттық платформасы пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Жер қойнауын пайдалану саласында нормативтік-құқықтық база түбегейлі өзгерді. Жер қойнауы мен геологиялық ақпарат барынша қолжетімді болды», — деді ол Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ол кен орнын ашқан компаниялардың құқықтарын қорғау күшейтілгенін еске салды.

«Лицензия беру тәртібі кен орындарын игеруге құқық беру мерзімін едәуір қысқартты.

Бүгін қаралып отырған тұжырымдама жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеудің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа шаралар ескеріле отырып, әзірленді.

Онда саланы цифрландыру, инфрақұрылымды дамыту, кадрлық әлеуетті арттыру сияқты саланы дамытудың басым бағыттары көрініс тапқан», — деді Әлихан Смайылов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде