jasqazaq.kz

Кен орнының қожайындары арасында жанжал туды (видео)

04 маусым 2020, 15:38

Солтүстік Қазақстан облысында кен орнының қожайындары арасында жанжал туды.  Тараптардың жанжалы бейнетаспаға жазылып, дереу әлеуметтік желіде тарап үлгерді. Төбелеске ұласқан дау Тайынша ауданындағы титан-цирконий кен орнында болды. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

2004-жылы ашылған кәсіпорынның бүгінде жеті бірдей құрылтайшысы бар. Қожайындар компанияның табысын бөлісе алмағанға ұқсайды. Бір ымыраға келе алмаған соң, қарағандылық екі құрылтайшы күзет компаниясының қызметкерлерін шақыртып, кен орнына баса көктеп кірмекші болған.

Бұған жергілікті жұмысшылар кедергі болды. Сол жерде 40 шақты адам жаға жыртысқанын полиция растады. Оқиға орнына дереу тәртіп сақшылары жетіп, жағдайды бақылауға алды. Қантөгістің салдарынан он адам дәрігердің көмегіне жүгінді. Бұл фактіге қатысты құзырлы орган қылмыстық іс қозғаған. ҚР Қылмыстық кодексінің 293 бабы 3 бөлімі және 252 бабына сәйкес, яғни бұзақылық пен қызметтік бабын асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төбелес барысында белсенділік танытқан 1994 және 1998 жылғы қос азамат ұсталды. Қазір тергеу жұмыстары қолға алынды,- деп мәлімдеме жасады СҚО Полиция Департаменті басшысының орынбасары Еңбек Сембин.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия