jasqazaq.kz

Кен орнында 33 жастағы жұмысшы топырақ астында қалып, мерт болды

18 қазан 2020, 12:11

«Қазақалтын» кенішінде 33 жастағы жұмысшы топырақ астында қалып, мерт болды. Бұл туралы  облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, оқыс оқиға «Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты» АҚ Бестөбедегі кенішіндегі жаңа шахтада болған.

Қазанның 17-де өндірістік жұмыстар кезінде топырақ опырылып кетті. Салдарынан кәсіпорынның 1987 жылғы жұмысшысы топырақтың астында қалып қойған.

«Оқиға сағат 12:30 орын алды. Сол кезде «Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты» АҚ құтқару отряды ер адамды топырақ үйіндісінің астынан алып шықты. Алайда, ол алған дене жарақатынан Степногор қалалық ауруханасында алған дене жарақатынан көз жұмды», — дейді Степногор қалалық ТЖ басқармасының бастығы Еркебұлан Есенжолов.

Қазіргі кезде кеніш штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде