jasqazaq.kz

Кемероводағы өрттен зардап шеккендер саны 47 адамға жетті

26 наурыз 2018, 10:19

Ресейдің Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда үйінде шыққан өрт салдарынан зардап шеккендер саны 47 адамға өсті. Мұндай деректі дүйсенбі күні Ресей ТЖМ басшысының орынбасары Владлен Аксенов мәлім етті.

«Барлығы 84 адам зардап шегіп, соның ішінде 37 адам, өкінішке орай, қаза тапты. Қалғандарына медициналық көмек көрсетіліп жатыр», — деді ол жедел кеңесте. В.Аксенов 64 адамның із-түзсіз жоғалғандығын атап өтті. Сондай-ақ, ол жанып жатқан ғимараттың опырылу қаупі барын хабарлады. «Қабатаралық жабындар шөгіп жатыр, олар опырылуы мүмкін», — деді ол жедел кеңесте. Бұдан бұрын «Зимняя вишня» сауда үйінде шыққан өрттен 37 адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Тағы 43 адам зардап шеккен. Өрт сауда үйінің соңғы 4-қабатынан шыққан. Ғимараттан 20 адам құтқарылды, тағы 100 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Соңғы мәлімет бойынша, тілсіз жау ауыздықталған. Өрт 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпыған.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде