jasqazaq.kz

Кемероводағы өрт құрбандарының саны артты

26 наурыз 2018, 14:47

Тергеу комитеті Кемероводағы «Зимняя вишня» сауда үйінде шыққан өрт салдарынан 56 адамның қаза тапқанын растады. РФ ТК ресми өкілі Светлана Петренко хабарлағандай, тағы 44 адам зардап шеккен.

«Өрт туралы қылмыстық істі тергеу барысында Кемероводағы сауда орталығында 56 адамның қаза тапқаны расталды», — деп мәлімдеді ол. «Өрт басталғанда 44 адам медициналық мекемеге көмек сұрап келген, оның ішінде 10 адам стационарда жатыр», — деді С.Петренко. Төтенше жағдайды жою бойынша жедел штабта тағы 16 адамның іздестіріліп жатқаны хабарланды. «Олар төртінші қабаттан үшінші қабатқа опырылып түскен кинозалда болуы мүмкін», — деп түсіндірді агенттіктің дереккөзі. Бұдан бұрын 53 адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Ресей ТЖМ басшысы Владимир Пучков мұның ең қиын жұмыс участогы екендігін атап өтті. «Мен іздеу жұмыстарын жүргізу үшін қосымша екі участок құруды тапсырдым», — деп мәлім етті ол. Бұдан бұрын «Зимняя вишня» сауда үйінде шыққан өрттен 37 адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Тағы 43 адам зардап шеккен. Жедел штабтан сауда орталығындағы өрттің сөндірілгенін хабарлады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде