jasqazaq.kz

Кемероводағы марқұмдардың жанайқайы (аудио)

17 сәуiр 2018, 11:54

Кемеровода «Зимняя вишня» сауда орталығында болған алапат өртте тірідей жанып кеткендер 112 нөміріне қоңырау шалып, жан ұшыра көмек сұраған. Ал құтқару қызметінің операторлары түтінге тұншыққандардың бірін жұбатып, екіншісіне ұрысып беріпті деп хабарлайды Life.Ru сайьына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Mash телеграм-каналы 112 құтқару қызметіне «Зимняя вишня» сауда орталығынан хабарласқан адамдардың аудиожазбасын жариялады. Бұл есігі құлттанып, толықтай жанып кеткен кино залындағы марқұмдар мен куәгерлерден келіп түскен қоңыраулар екен.

Аудиожазбадан аңғарғанымыздай, құтқару қызметі соншалықты жылдам келіп жетпеген. Адамдар 112-ге қоңырау хабарласып, өрт сөндірушілер келмегенін, жедел жәрдемнің жетпей жатқанын айтуда.

«Ешкім келмей жатыр, 10 миуттан бері барлығы жанып кетті. Тірі адамдар тұншығып, терезеден секіруде», — дейді бір хабарласушы.

Кей хабарламалардың арғы жағында балалардың айқайлаған дауысы мен жылаған адамдар дауысы анық естіледі.

«Зимняя вишняда» не болып жатыр? Біз 20 минуттан бері мына жерден өлейін деп жатырмыз! Кішкентай балалар бар ғой», — деп айқайлаған кино залында қалып қойған азамат.

Ал құтқару қызметінің операторлары сасқалақтап, «қазір өрт сөндірушілер барады», «күтіңіздер», «барлығы жақсы болады» деп жұбатса, енді бірі жәбірленушілерге айқайлап ұрысып берген.

https://youtu.be/pm5GJ4_bd-I

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді