jasqazaq.kz

Келушілер мен дәмхана қызметкерлері арасында дау шықты (видео)

24 тамыз 2018, 11:41


Қарағандыда орталық базар маңында күзетшілер мен екі ер адам арасында төбелес шықты.

 Tengrinews.kz  жазғандай, видео орталық базар маңында Бұхар жырау даңғылының бойында түсірілген. Видеодан күзетшілердің екі ер адамның соңынан қуалап бара жатқанын көруге болады. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, төбелестің шығуына қашып бара жатқан ер адамдар себеп болған. «23 тамызда кешкі уақытта орталық базардың маңында орналасқан дәмханалардың бірінде келушілер мен дәмхана қызметкерлері арасында дау шықты. Нәтижесінде екі ер адам 35 жастағы қызметкерді ұрып-соққан, артынша базардың күзетшілері келген. Ер адамдарды ұстау кезінде олар қарсылық көрсеткен», — деп хабарлады ведомство өкілдері. Сондай-ақ  екі ер адамның ұсталып, қазір жауап беріп жатқаны айтылады. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді.

 

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді