jasqazaq.kz

Келіншек баспана үшін бала туып беруге бел байлаған

26 қазан 2017, 19:01

Қарағандылық 30 жасар келіншек Instagram-да баспана үшін суррагат ана болуға дайын екенін айтып, телефон нөмірін қалдырған жазба жариялап, Желіні дүр сілкінтті.

«Менің балам бар. Тұрмыста болмағанмын. Ондай жоспарым да жоқ. 250 мың ақша табам. Өзім мен баламды асырай алам. Алайда баспанамыз жоқ. Аздап үй алуға ақша жинап жатырмын. Бірақ, шыдамым жетер емес. Үй алсақ, сіңлім екеумізге жақсы болар еді. Оның күйеуі апатқа ұшырады. Жағдайы қиын», – деп баяндады келіншек өз басындағы жағдайды.

Жазбаны оқыған Желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды. Бірі мұның мүлдем шектен асқан сорақылық екенін айтып, жастарды жерден алып, жерге салса, екіншісі оның жағдайын жақсы түсінетінін, мынадай заманда баспана мәселесі тез шешімін таппайтындықтан осындай қадамға барып отырғанын айтып, келіншекті жақтап әрі ақтап алуда.

reactor.inform.kz

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде