jasqazaq.kz

Келінінің атын жамылып қылмыс жасады

14 желтоқсан 2021, 13:33

Күдікті WhatsApp желісі арқылы жәбірленушіден келінінің атын жамылып ақша сұраған
Түркістанда туысқан әйелдің атынан есепшотына ақша аудартып алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түлкібас ауданының ПБ-на жергілікті әйелден арыз келіп түсті. Ол белгісіз азаматтың есепшотына 100 мың теңгесін салып жібергенін хабарлады. Алайда, мұның алаяқтың ісі екенін келіншек кеш түсінген. Себебі ұры жымысқы әрекетін өзге адамның атынан жасаған.

Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іс тіркеді. Аудандық тәжірибелі полицейлер қылмысты дер кезінде ашып, алаяқты ұстауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстары атқарылды.
Түлкібас ауданы ПБ-ның баспасөз қызметі
Полицейлер тексеру жұмыстарының нәтижесінде ақша аударылған есепшотты анықтады. Ол Қазығұрт ауданының тұрғынына тиесілі болып шықты. Күдікті ер адам ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Анықталғандай, ұсталған ер адам WhatsApp желісі арқылы жәбірленуші әйелге оның келінінің атынан хабарлама жазып, ақша сұраған. Жәбірленуші алаяқтың сөзіне сеніп 100 мың теңге салып жіберген.

Қазіргі уақытта күдікті деп танылған ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде