jasqazaq.kz

Келінін өлтірген ер адам сотта өз әрекетін түсіндірді (видео)

23 шiлде 2018, 19:20

Оралда 27 жастағы Ақерке Қозыкешованың өліміне қатысты сот отырысы басталды. Сот алдына өлтірілген келіншектің бұрынғы қайын атасы келді. Ер адам сотта кінәсін мойындады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Еске сала кетейік, бұл оқиға 2018 жылдың 8 сәуірінде болған еді. «Ақеркені мәйітханада көргенде танымай қалдық. Бетінен бет қалмаған — ұрып-соққан, басында да жарақаттар бар, денесі көгерген, кеудесіне пышақ салынған. Сот-медициналық сараптама Еркенің қабырғалары сынғанын көрсетті», — деген еді осыған дейін қайтыс болған қыздың туысы. Бірақ Асылбек Омаров сотта жауап беруден бас тартты. Судья Бахыт Ермаханов ер адамның осыған дейін сот тыңдалымында берген жауабын оқып берді. «Мен Саяттан (ұлынан — автор сөзі) Ақеркенің Ақсайда шетелдікпен кездесіп, ұлымның көзіне шөп салғанын естідім. Адамгершілікке жатпайтын қылық жасады. Қозыкешова психикалық тұрғыдан ауру адамдардың есебінде тұрды. Ұлым сол үшін ажырасқысы келді. Мен оны өлтіргім келген жоқ. Бірақ мен Ақеркемен сөйлесейін деген кезде ол маған балағат сөздер айта бастады», — деп оқыды судья Асылбек Омаровтың жауаптарын. Процессуалдық прокурор Ержан Иманғалиев Ақерке Қозыкешованың қалай өлтірілгенін айтып берді. «Қозыкешова құлап кеткенде, ол оны бөлмеге кіргізіп, ұрып-соға бастады. Сосын шолақ шалбарының бауын алып, келіншекті қылғындырып, асүйден пышақты алып, жарақаттады», — деді мемлекеттік айыптаушы. Айта кетейік, қазіргі уақытта келіншектің артында қалған баласы әкесі мен әжесінің қолында тәрбиеленіп жатыр.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді