jasqazaq.kz

Келіні туысын балғамен ұрып өлтірген

18 қыркүйек 2019, 11:15

Түркістан облысында әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Отырар» хабарлады. 16 қыркүйекте Созақ аудандық полиция бөліміне ер адам қоңырау шалып, көрші үйден зорлықпен өлтіру белгілері бар әйелдің мәйітін тапқанын айтқан.

Полиция бұл мәлімдемені Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Учаскелік полиция кезекшісі аймақтық бөлімге ауыр қылмыс туралы хабарлаған. Созақ ауданына тәжірибелі криминалды полиция қызметкерлерінің арнайы тобы аттанды. Мәйітті қарау кезінде сот-медицина мамандары зардап шеккен адамның басына ауыр затпен соққы беру нәтижесінде қайтыс болғанын мәлімдеді. Өз кезегінде облыс орталығынан келген жедел уәкілдер оқиға болған жерді мұқият зерттей бастады. Полицейлер жәбірленушінің үйі сыртынан кілтпен құлыптаулы тұрғанын байқаған. Дәл осы жағдай полицияны туыстарының бірі өлтірген деген ойға жетеледі. Күндізгі жедел-іздестіру шаралары барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері марқұмның өліміне көрші ауылдың тұрғыны — өзінің келінінің қатысы барлығын анықтады. Тергеушілер күдіктіні өз үйінде ұстады. Күдікті қамауға алынды. Ол бұл әрекетті толық мойындады. Айғақты зат — балға тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сараптама тағайындалған. Тергеушілер кісі өлтіру себебін және оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үстінде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде