jasqazaq.kz

Келіні қайын атасы туралы: Мені құшақтап, бетімнен, мойнымнан сүйіп, жабысады

15 ақпан 2018, 15:36

Үйленгендеріне жеті жылдың жүзі болған Ғалия (ред: есімі өзгертілді) атты кейіпкеріміз NUR.KZ порталына қайын атасы өзіне ғашық екенін айтып, мұңын шақты.

«Үйленгенімізге жеті жылдың жүзі болды. Қос құлыншағымыз бар. Күйеуіміз екеуіміз әлі 30-ға да жетпегенбіз. Ал қайын атам — 50 жаста. Енем жоқ. Мен келін болып түспей тұрып, дерттен қайтыс болған», — деп өз оқиғасын бастады кейіпкеріміз.
Ғалияның басты мәселесі ол емес. Басты мәселесі күйеуінің әкесінде екен.

«Атамның ішетін жаман әдеті бар. Ащы суға сылқия тойып келген күні мені құшақтап, бетімнен, мойнымнан сүйіп, жабысады. Мен үйде декреттік демалыстамын. Күйеуім жоқта талай ұрыстық та. Жылап та айттым, күйліп те айттым. Қояр емес, мені жақсы көретінін де айтты», — не істерімді білмеймін деп мұңын айтты.
Кейіпкер үйде боянып, әдемі болып жүре алмайтынын да жеткізді.

«Күйеуімді боянып, әдемі болып күтіп алғым келеді. Күйеуіме еркелегім келеді. Бірақ, олай жасай алмаймын. Жұбайым күндіз жұмыста, қайын атамнан бәрін күтуге болады. «Неге кетіп қалмайды» дейтін шығарсыздар. Кете алмаймыз! Күйеуім бұл оқиғалардан хабарсыз. Оның жүрегін ауыртқым келмейді. Әрі маған сенетінін – сенбейтінін білмеймін. Не дегенмен әкесі ғой», — деді Ғалия.
Айтпақшы, Ғалияның күйеуінің бөлек тұратын қайнысы мен келіні бар екен. Алайда, атасының таңдауы үлкен ұлына түсіп, шаңырақтан шығармай отырған жайы бар.

«Мұндай сұмдықты күйеуіме қалай жеткізерімді білмеймін. Оны жақсы көремін ғой. Сондықтан жүрегін ауыртқым келмейді. Атамды әйел алдыруға көндіре алмадық. Қалай бөлек шығуға көндірсем болады?», — деген Ғалия біздің редакция арқылы көпшіліктен ақыл сұрады.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды