jasqazaq.kz

Келесі жылы тағы 13 автотрасса ақылы болады

21 ақпан 2019, 10:42

2020 жылы 13 автожолда ақы алу жүйесі енгізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Роман Скляр айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Ол ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде «Алматы-Қорғас», «Алматы-Қапшағай» және «Астана-Теміртау» учаскелерінде ақы алу жүйесі ағымдағы жылдың қаңтар айында іске қосылғанын атап өтті. «Ағымдағы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері арқылы ұзындығы 5 мыңнан астам шақырымды құрайтын 13 учаскеде ақы алу жүйесін орнату конкурсын жариялау жоспарланған. Жеңімпазды осы жылдың желтоқсанында анықтауды көздеп отырмыз және 2020 жылы 5 мың шақырым жол ақылы болады»,- деді вице-министр. Жалпы, оның дерегіне сәйкес, 2021 жылы елімізде ақылы жолдардың ұзындығы шамамен 6,5 мың шақырымға жетеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде