jasqazaq.kz

Келесі жылдан бастап ҰБТ төрт рет өткізеді

21 қараша 2018, 16:53

2019 жылдан бастап жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет, яғни қаңтар, наурыз, маусым-шілде, тамыз айларында өткізіледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
«Тамыз конференциясының шеңберінде ҰБТ мәселесі кеңінен талқыланған болатын. Ең басты мәселе, биыл ҰБТ-ның жалпы форматында сұрақтарға, сұрақтың көлеміне, пәндеріне қарағанда форматы өзгермейді. ҰБТ форматын жеңілдету, балаларға жағдай жасау бойынша тиісті ұсыныстарымыз бар. 2019 жылдан бастап ақылы негізде оқуға түсу үшін 4 рет (қаңтар; наурыз; маусым-шілде; тамыз айларында) ҰБТ тапсыра алады. Грант конкурсына түсу үшін тек қана маусым айында тапсырған ҰБТ сертификатымен ғана грантқа түсе алады», — деді білім және ғылым вице-министрі.
Оның айтуынша, қаңтар айында ҰБТ тапсырып, тиісті шекті ұпайды жинағандар құжаттарын алып ЖОО-ға шартты түрде қабылдана алады.
«Қаңтар айында 130 ұпай алып, маусымда 51 ұпай алса, ол қаңтар айында алған жоғары ұпайымен конкурсқа қатыса алмайды. Тек маусым айындағы сертификат есепке алынады», — деді вице-министр.

BAQ.KZ

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді