jasqazaq.kz

Келер жылдан бастап сақтандыру полисін алып жүру міндет емес

16 тамыз 2018, 12:47

Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап сақтандыру шарттарын онлайн режимде жасай алады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банк өкілдерінің мәліметінше, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру ұйымдарының клиенттері сақтандыру шарттарын интернет-ресурстарды пайдалана отырып, электрондық нысанда жасасып, сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдей алады. Шарттың электрондық нысаны міндетті сақтандырудың барлық түрлері бойынша енгізіледі. «Онлайн-сақтандыру енгізілгеннен бастап міндетті сақтандыру шарттары бойынша қағаздағы полистердің айналысы жойылады. Сақтандыру шартын жасасу фактісі сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорға сұрату жіберу арқылы тексеріледі. Автокөлік иелерінің әкімшілік полицияның қызметкерлеріне сақтандыру полисін ұсынуы қажет емес. Онлайн-сақтандыруды енгізу халық пен бизнес үшін сақтандырудың құнын арзандатуға, шарттарды офиске бармай-ақ немесе делдалдардың қатысуынсыз сақтандыру компанияларының интернет-ресурстары арқылы тікелеу жасасу мүмкіндігін береді, сондай-ақ сақтандыру төлемдерін алуды жеделдетеді», — деп хабарлады Ұлттық банк өкілдері. Сондай-ақ, сақтандыру компанияларының көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу кезінде 10 пайызға дейін жеңілдік беруге құқылы екені айтылады.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді