jasqazaq.kz

Кек алуды ұйғарды: ауыл тұрғыны ағасының ешкісін сойып тастады

04 сәуiр 2022, 16:55

Атырау облысында ауыл тұрғыны кек алу мақсатында ағасының ешкісін ұрлап, сойып кеткен. Ер адам сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылқоға аудандық сотының материалдарына сәйкес, аудан тұрғыны мас күйінде ағасының үйіне келіп, келінімен ұрысып қалған. Әйел оны қуып жібереді, сол үшін ол кек алуды шешеді.

Сотталушы қорадан ешкіні ұрлап, кейін малды сойып тастаған. Келтірілген шығын 10 мың теңгеге бағаланып отыр. Сотта ауыл тұрғыны кінәсін мойындап, туыстары оның жазасын жеңілдетуді сұрады. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы «Мал ұрлығы» бойынша қаралды, — деп атап өтті «Мой город» басылымында.

Сот хаттамаларына сәйкес, ер адам кінәлі деп танылып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде