jasqazaq.kz

Кек алмақ болған оқушы мектепке оқ жаудырды

25 қантар 2019, 16:20


Ресейдің Енисей ауданы Краснояр өңіріндегі Абалаково ауылында тоғызыншы сынып оқушы мектептің маңына оқ жаудырған. Бұл туралы «360» телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Анықталғандай, жасөспірім өзімен бірге мектепке қару алып келген. Алайда, оны кезекшілер ішке кіргізбепті.
Сол мезетте мектеп оқушысы мекеменің терезелері мен жанында тұрған автокөлікке оқ жаудыра бастаған.
Мектеп әкімшілігі баланың ақыл-есі кем болғанын, сондықтан ол түзету сыныбында оқып жүргенін мәлімдеді.
Учаскелік полицей төтенше жағдай орнына атыс басталған соң бес минуттан кейін жеткен.
Оқтар ұша бастаған соң мектептің барлық есіктері жабылған.   Полицейлер атыс бастаған жеткіншекті ұстап, оқиға орнында тергеу жұмыстарын өткізіп жатыр.
Мектеп оқушыларының бірі, жасөспірімнің өзін ұрған баладан кек алғысы келгенін айтқан.
Ұсталған жеткіншек әке-шешесі бала өсіру құқығынан айырылған соң атасы мен апасының қолында тұрған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда