jasqazaq.kz

Кейбір өңірлерде жұма намазын оқуға рұқсат етілді

04 ақпан 2021, 13:10

Еліміздегі эпидемиялогиялық жағдай тұрақты “жасыл аймақтарда” орналасқан ауылдық мешіттерде санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұма намазын өткізу тәртібіне қатысты жоспарланған бірқатар мәселелер қаралды.

“Атап айтқанда, мешітке келуші жамағаттың санитарлық талаптарды қатаң сақтауын қадағалау, солардың ішінде мешітке келушілерді дене қызуын өлшейтін құрылғылар арқылы тексеріп кіргізу, антисептиктермен қамтамасыз ету, жамағат намазы кезінде 1 метр қашықтықты сақтай отырып, арнайы белгіленген орында құлшылық жасау, намаз оқитын ғимаратты залалсыздандыру іс-шараларын жүргізу, парыз намазының өтелуінен кейін, көп ұзамай мешітті босатуға қатысты маңызды мәселелер талқыланды”, – деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Жиналыста Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы имамдарға жұма намазы кезінде сақтық шараларын жеке бақылауды, санитарлық талаптардың орындалуын қатаң қадағалауды тапсырды.

“Жуырда ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордада Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен арнайы кездесіп, осы мәселені талқылаған болатын. Сондай-ақ Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовпен кездесуде Бас мүфти коронавирус инфекциясының таралуы бойынша қауіпсіз “жасыл аймақта” орналасқан өңірлердегі мешіттерде жұма намазын оқуға рұқсат беру туралы ұсынысын жеткізген еді”, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бүгінде мешіттерде профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар қатаң сақталып келеді. Осыған орай, алдағы жұма күні қауіпсіз “жасыл аймақта” орналасқан ауылдық мешіттерде санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұма намазы оқылмақ.

zanmedia.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде