jasqazaq.kz

Кей санаттағы азаматтарға 42 500 теңге өтінім бермей-ақ, бірден тағайындалады

14 шiлде 2020, 17:48

Бірқатар санаттағы азаматтарға 42 500 теңге әлеуметтік төлемі өтінім бермей-ақ, автоматты түрде тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

«Көпшілік «өткенде алдық, енді жаңадан өтінім бермей-ақ төлей салуға болмай ма?» деп сұрақ қойып жатыр. Өтінім бермесе болмайды деп шештік. Себебі, біріншіден әр өңірде жағдай әртүрлі. Кей мекемелер жұмыс істеп жатыр. Бұрын тоқтап тұрғандары қайтадан жұмысына кірісті. Оның үстіне төтенше жағдай кезінде жұмыс істеп, қазір жұмыссыз қалған адамдар да болуы мүмкін. Әрине, олар да өтінім беріп, төлемді алуы тиіс», — деді министр орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, бірқатар санаттағы азаматтардан өтініш қабылданбай-ақ, әлеуметтік төлем берілуі мүмкін.

Бұл мәселені Еңбек пен Цифрлық даму министрліктері өзара талқылау үстінде.

«Сол белгілі бір санаттағы азаматтардың атына «Өткен жолы әлеуметтік төлем алдыңыз. Жағдайыңыз сол қалыпта ма? Оны растайсыз ба? Сізге өтінішсіз төлем тағайындасақ, қарсы емессіз бе?» деп СМС-хабарлама жібереміз. Қарсы емеспін десеңіздер, жұма күннен бастап әлеуметтік төлем тағайындауға дайынбыз», — деді министр.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде