jasqazaq.kz

Кей өңірлерде көмір құны қымбаттап жатыр

15 тамыз 2018, 10:18

 Қыстың қамын жазда ойла. Астанада шенеуіктер биыл көмір тапшылығын болдырмаудың жолын қазірден қарастыруда. Күз келмей жатып қазір кей өңірлерде отын құны қымбаттап та үлгерді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бірақ министрліктегілер биыл тапшылық болмайтынына нық сенімді. Олардың айтуынша, жылу маусымында көмірден ешкім тарықпауы тиіс. Тіптен, осы нарықтағы жұмыстың аяқ алысын жіті қадағалайтын арнайы штаб та құрылған. Қазіргі уақытта елде 60 млн тонна көмір қоры бар. Инвестициялар және даму министрлігінің айтуынша, бағаның шарықтауына ең алдымен алып-сатарлар кінәлі. Бірақ, он жерден бақылау болғанмен көмір қымбаттамайтынына кепіл жоқ. Роман Скляр, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі: Біз апта сайын кәсіпорындардан шығатын көмір көлемін, олардың арнайы орталықтарға қанша көлемде жететінін қадағалаймыз. Ол үшін арнайы кесте дайындалды. Тұрмыстық қажеттілік үшін әзірге 5,5 млн тонна көмір бөлініп отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде