jasqazaq.kz

Kcell-ге айыппұл салынатын болды

24 қазан 2018, 12:29

Монополияға қарсы орган ұялы байланыс операторы «Кселл» АҚ үстем жағдайды теріс пайдалануына байланысты тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

«Тұтынушы шағымына «Кселл» АҚ-ның «Алға-1» тарифтік жоспар бойынша интернетке қол жеткізу лимитінен асып түскеннен кейін 30 мыңнан астам теңгені есептен шығару және интернетке қол жеткізу үшін 1 Мб үшін 20 теңге тариф бойынша төлемақы ала бастау туралы тұтынушыға хабарламау әрекеттері себеп болған», — делінген министрліктің Фейсбуктегі парақшасында. Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша «Кселл» АҚ-ның әрекеттерінде үстем жағдайды өз пайдасына жарату фактілері тіркелген. Нақтырақ айтқанда, оператор тарифтік жоспарларды мерзімінен бұрын қайта қосуда, абонентте көрсетілетін қызметтердің бонустық топтамасы аяқталған кезде абоненттің мүмкіндігін шектей отырып, неғұрлым жоғары тарифтеуге өту туралы ақпаратты абонентке хабарламаған. Сондай-ақ, тарифтік жоспарлардың елеулі шарттары туралы абоненттерді тиісінше хабардар етпеу секілді олқылықтарға жол берген. Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша «Кселл» АҚ-ға қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа қарау үшін жіберілді. «Үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін тергеп-тексеру объектісіне монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің 5 пайызы мөлшерiнде айыппұл салынады. Бұдан басқа, «Кселл» АҚ-ға Кәсіпкерлік кодекстің нормаларын бұзушылықтарды тоқтату және тұтынушыларға қаражатты қайтаруды қоса алғанда, олардың салдарларын жою туралы нұсқама шығарылды», — делінген хабарламада.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық