jasqazaq.kz

Казком мүлкін Халық банкіне беретін болды

25 сәуiр 2018, 10:36

«Казкоммерцбанк» АҚ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-пен біріктіру туралы шешім қабылданды. Мұндай шешім қаржы институттары акционерлерінің біріккен жиналысы барысында қабылданған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KASE сайтына сілтеме жасап.

«Казкоммерцбанк» АҚ пен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ты ҚР белгілеген заңнамаға сәйкес және «Казкоммерцбанк» АҚ пен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің біріккен жиналысында қабылданған шешімге сәйкес, банктерді өз еркімен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, «Казкоммерцбанк» АҚ-тың мүлігі (құқықтары мен міндеттері) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-қа өтетіні айтылады. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқарма төрағасы Үміт Шаяхметоваға «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың «Казкоммерцбанк» АҚ-қа өз еркімен бірігетініне рұқсат беретін құжатқа қол қойып, барлық уәкілеттік органға және ұйымдарға банктердің бірігетіні жайлы құжатты жолдауға және тағы басқа қажетті құжатттарға қол қоюға уәкілеттік берілді. Ал «Казкоммерцбанк» АҚ басқарма төрағасы Ульфа Вокуркуге «Казкоммерцбанк» АҚ-тың «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-қа өз еркімен бірігуіне рұқсат беретін құжатқа қол қойып, оны барлық қажетті уәкілетті органға жолдауға және тағы басқа қажетті құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілді. Еске сала кетейік, 2017 жылы Халық банктің директорлар кеңесі «Казкоммерцбанкпен» бірігу туралы шешімді мақұлдаған еді.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді