jasqazaq.kz

Катар әмірі Қазақстанға сапармен келеді

14 ақпан 2020, 12:36

Катар әмірі – шейх Тамим бен Хамад әл-Танидің Қазақстанға сапары жоспарланған. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біздің отырысымыз басты сипатқа ие. Өйткені, ол Ұлы мәртебелі Катар әмірі – шейх Тамим бен Хамад әл-Танидің Қазақстанға сапары қарсаңында өтіп отыр. Осынауб асты шара екі елдің қарым-қатынасын жандандыруға қуатты серпін беруге қызмет етіп, халықтарымыз арасындағы достық байланысты көрсете түседі. Біз үшін бұл зор мәртебе әрі жоғары деңгейдегі жауапкершілік», — деді бүгін Қазақстан-Катар жоғары деңгейдегі бірлескен комиссиясының 5-отырысын ашқан Руслан Дәленов. Қазақстан министрінің айтуынша, өткен жылы екіжақты өзара іс-қимыл үшін нәтижелі болды. Атап айтқанда, 2019 жылдың маусымында екі елдің басшылары АӨІСШК саммиті алаңында жүздесті. Қыркүйекте бірқатар парламентаралық кездесулер болса, қарашада ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы бастаған қазақстандық делегация Катарға сапарлады. Сол кезде Қазақстан мен Катардың жауапты ведомстволары арасындағы бірлескен жұмыстың оң серпіні аталып өтілді. «Тек соңғы бірнеше айдың ішінде ғана Қазақстан басшылығы елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған маңызды шаралар кешенін қабылдады. Сөз Катар азаматтарын 2019 жылдың 1 қазанынан визалық талаптарын жеңілдету, әуе қатынасы туралы меморандумға қол қою жайында болып отыр. Меморандумға сәйкесе, «Qatar Airways» компаниясы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына аптасында 7 жолаушылар рейсін, сондай-ақ Доха мен Алматы арасында 7 жүк рейсін орындай алады. Осы оқиғалардың барлығы да сан қырлы ынтымақтастықты тереңдетуге екі жақтың да ұмтылысына дәлел бола алады», — деді ол.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия