jasqazaq.kz

Каталониядағы референдум кезінде 460-қа жуық адам зардап шекті

01 қазан 2017, 22:49

1 қазан, жексенбі күні Испанияның Каталония автономды облысында тәуелсіздік алу жөніндегі референдум кезінде 460-қа жуық адам зардап шекті.

Бұл туралы Барселона мэрі Ада Колау мәлім етті. «Осы уақытта Каталонияда 460-қа жуық адам зардап шекті. Барселона мэрі ретінде полицияның қорғансыз халыққа қарсы іс-әрекеттерін тоқтатуды талап етемін», — деп жазды ол Twitter-дегі парақшасына. Айта кетейік, жексенбі күні Каталонияда облыстың Испания құрамынан шығуына қатысты жалпыхалықтық дауыс беру басталды. Мадрид бұл референдумды заңсыз деп санайды. Қазіргі уақытта барлық өңір бойынша құқыққорғауоргандары плебисциттің өтуін тоқтатуға тырысуда. Олар сайлау учаскелерін жауып, жәшіктер мен бюллетеньдерді тәркілеп жатыр.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде