
Қарағандыда полиция қызметкерлері микронесие ұйымының кассасына шабуыл жасады деген күдікпен екі ер адамды ұсталды.
Күдіктілер 19 және 28 жастағы қала тұрғындары болып шықты. Екеуі де ұсталып, кінәсін мойындады.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 19 және 28 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», — деді Қарағанды облысы полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин.
Tengrinews.kz