jasqazaq.kz

Кассирді алдаған алаяқ

31 қантар 2018, 22:49

Ақтаулық полицейлер бірнеше валюта айырбастау орнының қызметкерлерін сан соқтырып кеткен алаяқты іздестіріп жатыр. Кассир қыздар ақшаны оның қолына өздері санап беріпті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Күдікті жігіт осындай әдіспен әрекет еткен. Яғни кассаға келіп, долларды теңгеге айырбастап беруді өтінеді. Айырбас жасалған соң ақшаны өзі қайтара санап алып, бір бөлігін білдіртпей әмиянына салып жіберген. Ал екінші бөлігін кассирге қайтып беріп, оны ұсақ ақшаға алмастыруды сұраған. Бірақ кассир қыз бұлай жасаудан бас тартқан соң, берген долларын түгелімен кері алып, тайып тұрған. Осылайша, алаяқ жігіт миллион теңгеге жуық пайда тауыпты. Яғни үш айырбастау орнының әрқайсысынан 300 мың теңгеден алып кеткен. Бұдан бөлек букмекерлік кеңселерден де ақша ұрлаған деген күдікке ілініп отыр. Қазір алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды