jasqazaq.kz

Каспий теңізінде жарылыс болды (Видео)

06 шiлде 2021, 12:26

4 шілде күні Каспий теңізінде жарылыс болды деп хабарлайды Sputnic Әзербайжан.

Төтенше жағдай Әзербайжан секторындағы мұнай өндіру платформасында болған. Оқиға куәгерлері жарылыс толқыны теңіз жағасында да сезілгенін айтады. Олар жарылысты видеоға түсіріп алған.

Қазір Каспийдің әзербайжандық секторында өрт толығымен сөндірілген.

Жарылысқа лайлы жанартаудың оянуы себеп болуы мүмкін. Осылай деп SOCAR Әзербайжан мемлекеттік мұнай-газ компаниясы болжам жасады.

Сарапшылардың айтуынша, жарылыс платформада емес, танкерде болуы мүмкін. Әзербайжанның Каспий кеме шаруашылығы да төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Әлеуметтік желіде танкердің жарылғаны туралы түрлі болжамдар тарап жатыр. Бұл ақпарат көпшілікті алаңдатты. Әзербайжанның Каспий теңізі кеме шаруашылығының флотына тиесілі бірде-бір кемеде жарылыс болған жоқ» , — дейді ASCO ресми өкілі Мехман Мехтиев.

Әзербайжан экология министрлігінің мамандары да жарылыстың себептерін анықтауға тырысып жатыр.

Әзербайжан ТЖМ мәліметіне сүйенсек, министрлікке теңіздегі апат туралы ешқандай ақпарат хабарланбаған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия