jasqazaq.kz

Каспий құбыр консорциумының жұмысын тоқтату туралы сот шешімі айыппұлға алмастырылды

11 шiлде 2022, 16:33

Краснодар өңірлік соты Каспий құбыр консорциумы жұмысын тоқтата тұру жөніндегі шешімді өзгертіп, айыппұлға алмастырды. Консорциумға 200 мың рубль айыппұл төлеу міндеттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«200 мың рубль айыппұл төлеуге өзгертіліп, шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылсын», — деген Краснодар өңірлік сотының судьясы.

Еске салсақ, Новороссийскінің Приморск аудандық соты құжаттық заң бұзушылықтар үшін «КТК-Р» компаниясының қызметін 30 тәулікке тоқтатқан болатын.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумы қызметінің уақытша тоқтап қалуына байланысты жедел кеңес өткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай тасымалдауда Транскаспий бағдарын дамытуды тапсырды.

Кейін ҚР Энергетика министрлігінен Қазақстан мұнайы Каспий құбыр консорциумының құбыр желісі арқылы штаттық режимде экспортталып жатқанын мәлім етті.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр